Қазақстанда бір тәулікте 980 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 980 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 980 COVID-19 науқасы тіркелді. Оның ішінде 502 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде анықталып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында  - елордада өткен тәулікте 186 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында – Алматы қаласы – 175 науқас. Одан кейінгі Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде қауіпті инфекция 92 адамнан анықталды. Республика бойынша COVID-19 науқастарының жалпы саны – 96 922.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 12530 (+186)

Алматы қаласы - 12995 (+175)

Шымкент қаласы - 5070 (+26)

Ақмола облысы - 2928 (+31)

Ақтөбе облысы - 3085 (+2)

Алматы облысы - 4623 (+46)

Атырау облысы - 10511 (+44)

Шығыс Қазақстан облысы - 7045 (+92)

Жамбыл облысы - 3804 (+40)

Батыс Қазақстан облысы - 6160 (+58)

Қарағанды облысы - 9160 (+85)

Қостанай облысы - 2988 (+35)

Қызылорда облысы - 3143 (+33)

Маңғыстау облысы - 3063 (+33)

Павлодар облысы - 3469 (+22)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3419 (+45)

Түркістан облысы - 2929 (+27)

Қауіпті инфекциядан сауыққандар қатары артып, 70 680. Өткен 24 сағат ішінде 1 809 қазақстандық коронавирустан айығып шыққан.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша мәліметтерді де ұсынды. Өткен тәулікте 1424 науқас анықталып, 18 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бері тіркелген пневмониямен ауыру жағдайларының жалпы саны 11008-ге жетті, 120 науқас қайтыс болды.  

 

Фото: vogazeta.ru