Елорда дәріханаларында дәрі-дәрмек бағасын көтерудің 30-дан астам фактісі анықталды

Елорда дәріханаларында дәрі-дәрмек бағасын көтерудің 30-дан астам фактісі анықталды

Елорда дәріханаларын тексеру барысында мониторингтік топ мамандары дәрі-дәрмекті қымбаттатып сатудың 30-дан астам фактісін анықтады. Бұл туралы Kazakh TV телеарнасының тілшісіне Нұр-сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Әсия Молдиманова хабарлады. Оның айтуынша, заң бұзушылықтар 9 шілде мен 3 тамыз аралығында тіркелген.

«Мұндай істерді қарау барысында көптеген дәрі-дәрмектердің Қазақстанда тіркелмегені және қолдануға тыйым салынғаны анықталды. Мұндай жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 426-бабы 3-бөліміне сәйкес хаттама рәсімделеді және материал мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот қарауына жіберіледі. Қарау барысында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқан жеке тұлғалар анықталады. Заңсыз тұрғыда дәрі-дәрмекті сатумен айналысқан», - деп нақтылады Әсия Молдиманова.

Сондай-ақ, Әсия Молдиманованың айтуынша, тексеруші орган шығарған ескертуден кейін елорданың үш дәріханасында бағаны қайта көтеру жағдайлары табылған. Сарапшы олардың қызметі бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылғандығын айтады. Жалпы, маман мониторингтік топтардың жұмысы кезінде қалада дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 4 фактісі анықталғанын атап өтті.

«ҚР заңнамасына сәйкес медициналық маскалар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік реестрінде тіркеледі. Олар қауіпсіздігі мен сапа жағынан бағалануы керек. Медициналық бұйымдарды сату үшін әрбір жеке кәсіпкердің рұқсаты болуы тиіс. Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуге арналған рұқсат. Азық-түлік дүкендерінде медициналық бұйымдарды сатуға тыйым салынған, тек лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатуға рұқсат етіледі»,- деп сөзін толықтырды маман.

Айта кетейік, мониторингтік топ құрамында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, полиция, экономикалық тергеу департаменттерінің өкілдері бар. Олар дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне қарсы күнделікті күрес жүргізеді.

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: coronavirus2020.kz