Қазақстанда ауруханалардың жүктемесі 36% дейін төмендеді

Қазақстанда ауруханалардың жүктемесі 36% дейін төмендеді

Елімізде коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2% аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта емделіп шыққанадамдар барлық ауру жұқтырған адамдардың 69,4% құрайды. Қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36% дейін төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша апта қорытындысында инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден төмен келесі облыстарды атап өтуге болады. Олар - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары жәнеНұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары», - деді Премьер-Министр.

 Сонымен қатар, Үкімет басшысы инфекцияның репродуктивтік деңгейі Қостанай мен Ақмола облыстарында 1-ден жоғары тіркелгенін атап өтті.

«Бұл өңірлердің әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек»,- деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда әлемдік статиститка 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отыр.

«Індеттің жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болумыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралардың кешенін іске асыру қажет», - деді ол.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kstati.news