Қазақстанда бір тәулікте 1 158 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 1 158 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 1 158 COVID-19 науқасы тіркелді. Оның ішінде 555 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде анықталып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында  - елордада өткен тәулікте 220 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында – Алматы қаласы – 178 науқас. Одан кейінгі Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде қауіпті инфекция 124 адамнан анықталды. Республика бойынша COVID-19 науқастарының жалпы саны – 93 820.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 11924 (+220)

Алматы қаласы - 12464 (+178)

Шымкент қаласы - 5011 (+31)

Ақмола облысы - 2813 (+56)

Ақтөбе облысы - 3061 (+5)

Алматы облысы - 4491 (+52)

Атырау облысы - 10383 (+35)

Шығыс Қазақстан облысы - 6734 (+124)

Жамбыл облысы - 3683 (+47)

Батыс Қазақстан облысы - 5990 (+61)

Қарағанды облысы - 8896 (+90)

Қостанай облысы - 2853 (+57)

Қызылорда облысы - 3068 (+42)

Маңғыстау облысы - 2965 (+25)

Павлодар облысы - 3359 (+67)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3273 (+51)

Түркістан облысы - 2852 (+17)

Қауіпті инфекциядан сауыққандар қатары артып, 65 132-ге жетті. Өткен 24 сағат ішінде 2 621 қазақстандық коронавирустан айығып шыққан.

 

Фото: delo.ua