ДДСҰ Қазақстанның ақпарат алмасуда танытқан ашықтығын қолдайды – Кэролайн Кларинваль

ДДСҰ Қазақстанның ақпарат алмасуда танытқан ашықтығын қолдайды – Кэролайн Кларинваль

Қазақстанда кешенді шараларды жүзеге асыру қадамдары коронавирусқа қатысты жағдайдың біртіндеп тұрақтануына ықпал етті. Бұл жөнінде ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кэролайн Кларинвал мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл өз кезегінде азаматтық қоғамның, денсаулық сақтау қызметкерлерінің және Үкіметтің бірлескен күш-жігерін талап етті.

«COVID-19-ға ДДСҰ-ның жаңа классификациясын пайдалану жөнінде Қазақстанның шешімін жоғары бағалаймыз. Бұл өз кезегінде әлем бойынша мәліметтерді жинауды стандарттау үшін өте маңызды қадам», - деді Кэролайн Кларинваль.

Оның сөзіне қарағанда, қайта саралау процесі COVID-19 жағдайының артуын көрсетуі мүмкін. Алайда, ол эпидемиологиялық процесті жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, ресурстарды тиімді бөлуге, сондай-ақ ұлттық әрі жергілікті деңгейде қажеттішараларды жоспарлауға ықпал етеді.

«ДДСҰ Қазақстанның ақпарат алмасуда танытқан ашықтығын қолдайды. Вирус әлі де халық арасында таралуда. Тек ортақ күш-жігермен осы пандемияны еңсере аламыз. Әр адамның қосқан үлесі өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Үкіметімен және Денсаулық сақтау министрлігімен жұмысты жалғастырады», - деді Кэролайн Кларинваль.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: khabar.kz