Алексей Цой: Коронавирустың таралуы бойынша шарықтау шегінен өттік

Алексей Цой: Коронавирустың таралуы бойынша шарықтау шегінен өттік

Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша жағдай тұрақталды. Бұл жөнінде арнайы баспасөз мәслихатында еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді

«Науқастардың 67% астамы аурудан сауығып шықты. Мұндай жағымды көрсеткіштер баяу болса да өсіп келеді. Жағдай Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ астанада оңалып келеді», - деді Алексей Цой.

Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 262 адамнан инфекция анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгін де коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-19 вирусына шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Алексей Цой ендігі кезекте бұл көрсеткішті жағсартуға күш жұмсалатынын айтты.

«Өздеріңідер байқап отырған боларсыздар. Шарықтау шегінен өттік. Біздің міндетіміз - бүкіл адамдар үшін, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін өте қиын сынақпен келген осы позицияны ұстап қалу», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: 24.kz