Қазақстан КВИ бойынша жаңа статистиканы қолданысқа енгізді

Қазақстан КВИ бойынша жаңа статистиканы қолданысқа енгізді

Қазақстан науқастарды ДДСҰ соңғы стандарттарына сәйкес есепке ала бастады. Бұл жөнінде онлайн брифинг барысында  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен біз 2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус және пневмония бойынша статистиканың біріктіру туралы шешім қабылдадық. Көп адам ДДСҰ бұл туралы 18 шілдеде хабарласа, Қазақстан статистиканы неліктен 1тамыздан бастағалы жатыр дейді. Себеп мынада: бізге кодировка мен пациенттерді тіркеу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету алгоритмін әзірлеу үшін, қазіргі ақпараттық жүйені баптап, жаңа мәліметтерді енгізу үшін персоналды дайындауға екі аптаға жуық уақыт керек болды. Бұл өте күрделі әрі көп күшті талап ететін шаруа», - деді Алексей Цой

Министрдің айтуынша ПТР-тесттен анықталған нәтижені тіркеу оңай болғанымен, расталмаған коронавирусты (пневмонияны)анықтау қиын.

«Біздің алдымызда аз уақыттың ішінде дәрігерлерді коронавирус пневмониясының белгілерін анықтап, оны есеп жүйесіне тіркеу міндеті тұрды. Біз бұл жұмысты атқардық. Ендігі кезекте ДДСҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін тіркеуге дайынбыз», - деді Алексей Цой.

Санитарлық талаптарды күшейтудің арқасында соңғы үш аптада елдегі барлық аймақта ауру жұқтыру жағдайы едәуір азайды, деді министр.

«Орташа есеппен елде ауру жұқтырудың тәуліктік тіркелу жағдайы екі жарым есе азайды», - деп мәлім етті ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, осындай оң динамика жедел жәрдем қызметі саласында да байқалады. Маусым айының соңында республикада жедел жәрдем қызметін шақырудың жағдайы 30 мыңға дейін жеткен болатын. Карантиннің соңғы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне жүгінудің жалпы жағдайы екі есе азайған .

«Біздегі тағы бір жағымды жаңалық– инфекциялық және провизорлық төсек орындардың толымдылығының азаюы. Осы жылдың маусым айында елдегі кейбір ауруханада жағдай қатты ушығып кеткен еді. Бүгінгі таңда стационарлардың 34 пайызында ғана науқастар жатыр. Бұған төсек-орын қорын 48 997-ге дейін арттыру есебінен қол жеткізіліп отыр. Осылайша, Қазақстанның 7 өңірінде 15 стационар жабылып, қайта құрылымдалды», - деді Алексей Цой.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: dailynews.kz