COVID-19: вакцина алған тұңғыш қазақстандық ғалым

COVID-19: вакцина алған тұңғыш қазақстандық ғалым

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған алғашқы қазақстандық азамат өзін жақсы сезінеді. Бұған дейін Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табыновтың коронавирусқа қарсы шетелдік вакцина салдырғаны хабарланған. Ғалым елдің жалпы игілігі үшін өз денсаулығын бәйгеге тігіп, осындай қадамға барғанын айтады. Бүгінде Австралияда жасалған вакцинаны І-фазалы клиникалық сынақтан өткізуге сол елден 40 адам қатысып жатыр. Аралық нәтижелержаман емес, осы аптада вакцинаны сынақтан екінші рет өтеді.

«Үш айдан кейін клиникалық сынақтан өткізу үшін 2 және үшінші фазаны шығару жоспарланған, ол жерде 10 елден 30-100 мың ерікті қатысады. Біздің ел де сынақтарға қосылады деп үміттенемін», - дейді Қайсар Табынов.

Қайсар Табынов денсаулығын скринингтен өткізгеннен кейін және дәрігердің қарауынан кейін COVAX-19 вакцинасын салдырған. Бүгінде ол өзін жақсы сезінетінін, елеулі жағымсыз құбылыстар анықталмағанын айтады.

«Өз денсаулығымдытерең скринингтен өткізгеннен кейін (биохимия мен қан гематологиясы,  COVID-19 ПЦР зерттеуін жасап,  АҚТҚ, гепатит Б мен С және IgE сынды түрлі антиденелерге аллергиялық әсеріне қатысты тексерістер жүргізіп) дәрігердің қорытындысы шыққан соң COVAX-19 вакцина алдым. Қазіргі таңда өзімді жақсы сезінемін. Ешқандай елеулі жағымсыз құбылыстар анықталған жоқ», - дейді орталық директоры

Қайсар Табыновтың сөзінше, вакцина бірнеше себеп бойынша салынған. Біріншіден, біздің елде қолдануға ұсынатын вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігіне көз жеткізу. Екіншіден, COVAX-19-дың құрамындағы Advax-CpG адъювантының күшін анықтау. Ғалымдар қазір аллергиялық ринит және бронхиалды астмаға арналған спецификалық иммунотерапия әдісін әзірлеп жатыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz