Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 1069 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 1069 жағдайы тіркелді

Елімізде өткен тәулікте 1069 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 499 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында анықталып отыр. Елордада өткен тәулікте 221 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында – Алматы қаласы – 207 науқас. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы келеді. Онда бір күн ішінде қауіпті инфекция 102 адамнан анықталды. Республика бойынша COVID-19 науқастарының жалпы саны – 92 662.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 11704 (+221)

Алматы қаласы - 12286 (+207)

Шымкент қаласы - 4980 (+31)

Ақмола облысы - 2757 (+57)

Ақтөбе облысы - 3056

Алматы облысы - 4439 (+33)

Атырау облысы - 10348 (+30)

Шығыс Қазақстан облысы - 6610 (+102)

Жамбыл облысы - 3636 (+48)

Батыс Қазақстан облысы - 5929 (+69)

Қарағанды облысы - 8806 (+88)

Қостанай облысы - 2796 (+58)

Қызылорда облысы - 3026 (+7)

Маңғыстау облысы - 2940 (+12)

Павлодар облысы - 3292 (+30)

Солтүстік Қазақстан облысы - 3222 (+55)

Түркістан облысы - 2835 (+21)

Сонымен бірге, Қазақстанда өткен тәулікте 672 адам коронавирустан емделіп шықты. Қауіпті инфекциядан айығып шыққандардың жалпы саны - 62 511 адам.

 

Фото: infomir.kg