Қазақстанда тағы 1177 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 1177 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде қауіпті инфекциядан аман-есен айығып шыққандар саны 57 815-ке жетті. Өткен тәулікте 1177 адам вирустан емделгені хабарланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1472 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 644 адамның клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы екені белгілі болды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында анықталып отыр. Елордада өткен тәулікте 226 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы. Онда бір күн ішінде қауіпті инфекция 211 адамнан анықталды. Ал Алматы қаласында 208 науқаста коронавирус жағдайы расталды. Республика бойынша COVID-19 науқастарының жалпы саны – 87 664.

Аймақтардағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 10796 (+226)

Алматы қаласы - 11444 (+208)

Шымкент қаласы - 4839 (+55)

Ақмола облысы - 2532 (+59)

Ақтөбе облысы - 3004 (+24)

Алматы облысы - 4257 (+69)

Атырау облысы - 10175 (+64)

Шығыс Қазақстан облысы - 6075 (+211)

Жамбыл облысы - 3443 (+52)

Батыс Қазақстан облысы - 5639 (+79)

Қарағанды облысы - 8412 (+107)

Қостанай облысы - 2549 (+67)

Қызылорда облысы - 2913 (+54)

Маңғыстау облысы - 2836 (+44)

Павлодар облысы - 3052 (+65)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2977 (+65)

Түркістан облысы - 2721 (+23)

 

Фото: iz.ru