Қазақстанда тағы 2234 адам коронавирустан емделіп шықты

Қазақстанда тағы 2234 адам коронавирустан емделіп шықты

2234 қазақстандық коронавирус инфекциясынан айығып шықты. Қауіпті індет бас көтергелі отандық дәрігерлер 56 638 азаматымызды ауру құрсауынан аман алып қалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1544 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 760 адамның клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы екені белгілі болды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Алматы қаласында анықталып отыр. Оңтүстік шаһарда өткен тәулікте 271 COVID-19 науқасы тіркелді. Екінші орында - Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада бір күн ішінде қауіпті инфекция 250 адамнан анықталды. Аймақтар арасында ең көп науқастар Шығыс Қазақстанда (+193) және Қарағанды облысында (+129) тіркелген,  Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 86 192.

 

Аймақтардағы ахуал келесідей:

 

Нұр-Сұлтан қаласы - 10570 (+250)

Алматы қаласы - 11236 (+271)

Шымкент қаласы - 4784 (+51)

Ақмола облысы - 2473 (+51)

Ақтөбе облысы - 2980 (+22)

Алматы облысы - 4188 (+73)

Атырау облысы - 10111 (+58)

Шығыс Қазақстан облысы - 5864 (+193)

Жамбыл облысы - 3391 (+52)

Батыс Қазақстан облысы - 5560 (+80)

Қарағанды облысы - 8305 (+129)

Қостанай облысы - 2482 (+65)

Қызылорда облысы - 2859 (+52)

Маңғыстау облысы - 2792 (+49)

Павлодар облысы - 2987 (+50)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2912 (+63)

Түркістан облысы - 2698 (+35)

 

Фото: kapital.kz