Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты

Елімізде өткен тәулікте 1402 адамда коронавирус анықталды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 589 тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Ауруды жұқтырғандары қарасы ел астанасында басым: вирус бірден 292 адамда анықталды. Бұдан соң Алматы (221) және Қарағанды облыстары (106) тұр.  Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 83 122 адам.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 10070 (+292)

Алматы қаласы - 10712 (+221)

Шымкент қаласы - 4708 (+54)

Ақмола облысы - 2370 (+56)

Ақтөбе облысы - 2947 (+25)

Алматы облысы - 4030 (+38)

Атырау облысы - 9988 (+37)

Шығыс Қазақстан облысы - 5492 (+171)

Жамбыл облысы - 3288 (+52)

Батыс Қазақстан облысы - 5394 (+88)

Қарағанды облысы - 8058 (+106)

Қостанай облысы - 2354 (+58)

Қызылорда облысы - 2738 (+8)

Маңғыстау облысы - 2699 (+45)

Павлодар облысы - 2880 (+54)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2779 (+74)

Түркістан облысы - 2615 (+23)

Сонымен қатар елімізде індетті жеңіп, жазылып шыққандар саны да артып келеді. Осы күнге дейін 52571 адам коронавирустан сауығып шықты.

 

Фото: nur.kz