ДДСҰ: әлем бойынша тіркелген COVID-19 жағдайларының тең жартысы үш елге тиесілі

ДДСҰ: әлем бойынша тіркелген COVID-19  жағдайларының тең жартысы үш елге тиесілі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың тең жартысы АҚШ, Бразилия мен Үндістан елдерінде тіркелгенін мәлімдеді.

«Барлық елдерде тіркелгенімен, негізгі дені бірнеше мемлекетте өршіп тұрғанын көріп отырмыз», дейді  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Коронавирус жұқтыруға қатысты анықталған барлық деректердің үштен екісі әлемнің 10 еліне тиесілі. Гебреисустың пікірінше, қатерлі індетпен күресудің ең тиімді жолдарының бірі – халықтың дертке қарсы белсенділігін артытру.

«Біз барлық адамдарды баратын жерлеріне, кездесетін адамдарына, жасап жатқан іс-әрекеттеріне қатысты байыпты шешім қабылдап, өзгелердің денсаулығы мен сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауыға шақырамыз», - дейді Тедрос Аданом Гебреисус

Сондай-ақ, ДДСҰ коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау мерзімін атады

Ұйымның атқарушы директоры Майк Райанның айтуынша, вакцинаны жаппай қолдануды 2021 жылдың басына дейін күтудің қажеті жоқ. Ол қазір бірнеше препарат сынақтан өтіп жатқанын айтты.  Зерттеушілер коронавирусқа қарсы вакциналарды әзірлеуде айтарлықтай табысқа қол жеткізген.

Жақында белгілі болғандай, америкалық Pfizer компаниясының препараты клиникалық сынақтан сәтті өтсе, халықты вакцинациялауда қолданылатыны туралы хабарланды. АҚШ президентінің әкімшілігі Pfizer және немістің BioNTech биотехнологиялық компаниясына 100 миллион доза шығаруға 2 миллиард доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Қытайлық Sinopharm компаниясы да жыл соңына дейін вакцина шығаруға ниетті екендіктерін жеткізді. Оның басшысы Лю Цзинчжэнь соңғы сынақтардың қорытындысы алдағы үш айдың ішінде шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

 

Материалдар ашық дерекөздерден алынды

Фото: eadaily.com