49 488 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

49 488 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 1268 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты. Пандемия басталғалы дәрігерлер 49 488 қазақстандықты ауру құрсауынан аман алып қалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1687 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 776 адамның клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы екені белгілі болды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Алматы қаласында (+247), Шығыс Қазақстан облысында (+216),  Атырау облысында (+180) және Нұр-Сұлтанда (+175) тіркелген. Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 78 486.

Аймақтардағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 9243 (+175)

Алматы қаласы - 10098 (+247)

Шымкент қаласы - 4576 (+22)

Ақмола облысы - 2210 (+49)

Ақтөбе облысы - 2874 (+32)

Алматы облысы - 3880 (+78)

Атырау облысы - 9710 (+180)

Шығыс Қазақстан облысы - 4914 (+216)

Жамбыл облысы - 3122 (+75)

Батыс Қазақстан облысы - 5120 (+89)

Қарағанды облысы - 7681 (+140)

Қостанай облысы - 2177 (+54)

Қызылорда облысы - 2626 (+85)

Маңғыстау облысы - 2519 (+75)

Павлодар облысы - 2644 (+61)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2540 (+89)

Түркістан облысы - 2552 (+20)

 

Фото: liter.kz