Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңға жуықтап қалды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңға жуықтап қалды

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1646 жағдай тіркелді. Оның ішінде 778 науқастың ауру белгілері жоқ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметі бойынша республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы  саны 76 799- ға жетті.

Аймақтардағы ахуал төмендегідей:

 Алматы қаласында - 9851(+216),

Атырау облысында - 9530 (+138),

Нұр-Сұлтан қаласында -9068(+236),

Қарағанды облысында - 7541(+140),

 Батыс Қазақстан облысында - 5031 (+99),

Шығыс Қазақстан облысында - 4698(+210),

Шымкент қаласында - 4554(+36),

Алматы облысында - 3802 (+69),

 Жамбыл облысында - 3047 (+48),

Ақтөбе облысында - 2842 (+39),

 Павлодар облысында - 2583 (+68),

Қызылорда облысында -2541 (+77),

Түркістан облысында - 2532 (+19),

 Солтүстік Қазақстан облысында - 2451 (+99),

 Маңғыстау облысында - 2444 (+47),

Ақмола облысында - 2161 (+53),

Қостанай облысында - 2123 (+52)

Өткен тәулікте 1430 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққандар саны 48 220 -ге жетті.

 

Фото: zakon.kz