ЕО Орталық Азия елдеріне COVID-19 қарсы күресуге көмектеседі

ЕО Орталық Азия елдеріне COVID-19 қарсы күресуге көмектеседі

ЕО Орталық Азия өңіріне қатерлі індетке қарсы күресте көмек жасауға ниетті. Аймақ елдерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамыту және пандемия салдарын оңалтуға арналған бағдарлама құрылды. «Орталық Азия елдеріндегі COVID-19: дағдарысқа төтеп беру шаралары» жобасы аясында 3 миллион еуро бөлінеді. ЕО өкілдігінде бұл көмектің негізгі бөлігі Қазақстанға тиесілі болады деп жоспарланғанған.

«COVID-19 пандемиясының өршуі ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің осал түстарын іс жүзінде танытты. Қоғамдық денсаулық сақтау бағытында орын алған төтенше жағдайларды шешу жолдарын қайта қарау керектігін ұғындырды. Сондықтан CACCR бағдарламасы аясында қазіргі таңда қажетті дәрі-дәрмек медициналық жабдықтар жеткізумен қатар зертхалалар мен ауруханалар болашақта осы текті пандемияға дайын болу үшін көмек жасалады», - деді Қазақстандағы   ЕО Свен-Олов Карлссон.

Бағдарлама үш кезеңнен құралған. Бірінші кезекте көмекке аса мұқтаж болып отырғандарға қолдау көрсетіледі. Келесі кезең пандемияның шарықтау шегі өткен соң екінші толқынына дайындыққа арналады. Соңғысында денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына күш бағытталады.

 

Фото: bureau.kz