Қазақстанда коронавирустан 59 медицина қызметкері көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан 59 медицина қызметкері көз жұмды

Қазақстанда медициналық қызметкерлердің арасында  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 123 жағдайы тіркелді. Бұл туралы бүгін арнайы брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. Оның мәліметінше, 59 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмған. Ведомство басшысы COVID-19 жұқтырған және осы індеттен көз жұмған дәрігерлердің туған-туыстарына өтемақы беру мәселесіне қатысы сұраққа жауап берді.

«Тізімді біз аймақтардан алып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдадық. Осы күнге дейін жұмыс орындарында медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтыруының 123 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 59 медицина қызметкері көз жұмды», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, өтемақы беру мәселесін жауапты ұйым жүргізеді.

«Біздің міндет – тізімді жинап, тапсыру. Тізімнен бөлек, сол дәрігердің нақты қайда – үйінде әлде жұмыста жұқтырғаны қаралатын эпидемиологиялық карта бар. Яғни нақты эпидемиологиялық талдау бар», - деді ол.