ҚР ДСМ: COVID-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші 2 есе төмендеді

ҚР ДСМ: COVID-19 жұқтырудың күнделікті көрсеткіші 2 есе төмендеді

Бүгін Үкімет отырысында салалық ведомствоның басшысы екі апталық карантиннің қорытындысын жариялады. Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан эпидемиологиялық жағдайдың біршама тұрақталу деңгейіне шықты. Провизорлық төсек-орынның бос болмауы 20%-ке және реанимациялық төсек-орынның бос болмауы 6%-ке азайды.

«Жалпы, қабылданған оперативті шараларды ескере отырып, екі апта ішінде келесі оң нәтижелерге қол жеткізілді: COVID-19 жұқтырудың тәулік сайынғы өсімі 4%-тен 2,1%-ке дейін төмендетілді; COVID-тен сауығып кеткендердің саны 60%-ке өсті, жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ке төмендеді, төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Провизорлық төсек-орынның бос болмауы 20%-ке –89%-тен 69%-ке дейін және реанимациялық төсек-орынның бос болмауы 6%-ке – 73%-тен 67%-ке дейін азайды»- деп мәлім етті министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 4183 аппарат сатып алынады, соның ішінде 3105 аппарат – отандық. 21 мыңнан астам төсек-орын оттегіге, 6237 орын оттегі концентраторларының есебінен қосылады. Бүгінде ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 32 мың зерттеуді құрайды. Медициналық препараттарды сертификаттау және тіркеу және оларды бірреттік әкелу процедуралары оңтайландырылды. Арнайы жүк ұшақтарымен жеткізудің арқасында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Аймақтарда тұрақтандыру қорлары құрылды, деді министр.

«Амбулаториялық дәрілік қамтудың тізілімін кеңейту жүргізілуде. Дәрі-дәрмектердің айлық қоры құрылуда. Үстіміздегі жылдың 22 маусымына дейін бір айлық қажеттілік көлемінде дәрілік заттар медициналық ұйымдарға жеткізіледі. «СҚ Фармация» ЖШС базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады»,  деп хабарлады Алексей Цой.

Медициналық масканың бөлшек саудадағы құны 28%-ке төмендетілді. Бірінші сызықтағы қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарының қоры құрылды. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржыға 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныс костюмі, 1,2 млн ПТР тест сатып алынады. Алексей Цойдың айтуынша, жеке қорғаныс құралдарының осындай қоры қыркүйектен келесі жылдың ақпан айына дейін құрылады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: primeminister.kz