Қазақстанда COVID-19 емдеудің жаңа хаттамалары қолданыла бастады

Қазақстанда COVID-19 емдеудің жаңа хаттамалары қолданыла бастады

COVID-19 індетіне қарсы 11-ші хаттама. Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Отағанованың айтуынша, өзгерістер ДДСҰ ұсынымдарын ескере отырып, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің практикалық тәжірибесіне де негізделеді. Хаттамаға сәйкес, енді ауруханаларда вирусқа қарсы дәрілермен бірге «Ремдесивир» мен «Фавипиравир» қолданылатын болады. Бірақ препараттарды тек дәрігерлердің қатаң қадағалауымен ауруханада ғана қолдануға болады. Үй жағдайында қолдануға тыйым салынады.

Сонымен қатар науқастарға бұл препараттарды емдеуде қолдану туралы алдын-ала хабарланады және оның реакциясы қандай болуы мүмкін екені де түсіндіріледі.

«Препарат барлық пациенттерге тағайындалмайды және пациенттің келісімімен ғана ем-дом шаралына қолданылады. Науқасқа дәрінің  коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатыны жайлы ақпарат бере отырып, препараттың кері әсерлері туралы да егжей-тегжейлі айтамыз. Пациентпен бірлесе отырып, дәрінің бұл науқасқа әсерін анықтаймыз. Егер еш нәтиже бермей, тек жанама әсерлері ғана көбейіп жатса, онда бұл препарат ұсынылмайды және пациенттің емінде қолданылмайды», - деді Тамара Отағанова.

 

Фото: tengrinews.kz