Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 43 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 43 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 372 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты. Пандемия басталғалы дәрігерлер 43 401 қазақстандықты ауру құрсауынан аман алып қалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1499 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 706 адамның клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы екені белгілі болды.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтанда (+226), Алматы қаласында (+221), Қарағанды өңірінде (+148) және Атырау облысында (+130) тіркелген. Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 71 838.

Аймақтардағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 8371 (+226)

Алматы қаласы - 9143 (+221)

Шымкент қаласы - 4453 (+43)

Ақмола облысы - 2001 (+52)

Ақтөбе облысы - 2736 (+13)

Алматы облысы - 3625 (+43)

Атырау облысы - 9187 (+130)

Шығыс Қазақстан облысы - 4087 (+112)

Жамбыл облысы - 2896 (+104)

Батыс Қазақстан облысы - 4742 (+95)

Қарағанды облысы - 7058 (+148)

Қостанай облысы - 1960 (+56)

Қызылорда облысы - 2230 (+19)

Маңғыстау облысы - 2294 (+42)

Павлодар облысы - 2380 (+106)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2198 (+69)

Түркістан облысы - 2477 (+20)

 

Фото: informburo.kz