ҚР ДСМ: ел ауруханаларына 3 млрд теңгенің дәрі-дәрмектері жеткізіледі

ҚР ДСМ: ел ауруханаларына 3 млрд теңгенің дәрі-дәрмектері жеткізіледі

Жалпы сомасы 3 млрд теңгенің препараттары еліміздің медициналық ұйымдарына таратылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті. Оның айтуынша, сонымен қатар, 3 ай мерзімге қажет қор қалыптастыру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрі-дәрмек сатып алу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Пациенттердің болжамды санына қарай қоймалар толтырылады, осылайша ауруханалар жыл соңына дейін дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін болады», - деді Людмила Бюрабекова.

Вице-министр Қазақстанның фармацевтикалық нарығы импортқа тәуелді екенін атап көрсетті. Ондағы отандық өндірушілердің үлесі 13% шамасында. 10 жылға ұзақ мерзімді келісімшарттарға отыру арқылы бірыңғай дистрибьютор отандық өндірушілерден сатып алынатын дәрі-дәрмке көлемін бірнеше есе ұлғайтты.

«Бүгінгі күні бірыңғай дистрибьютордың номенклатурасы 50% отандық препараттар мен медициналық бұйымдардан құралған», - деп атап көрсетті вице-министр.

Брифингте мәлім болғандай, әдеттен тыс пневмония Covid-19 статистикасына енгізу мәселесі нақтыланды. Людмила Бюрабекованың айтуынша, коронавирус бойынша статистикалық мәліметтер жайы ДДСҰ-мен пысықталып жатыр. Өз кезегінде, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі КВИ жұқтыру бойынша жаңа болжамын жариялайды.

«Қазір біздің ғалымдар болжам жасау мәселесі бойынша шетелдік мамандармен кеңесуде. Кеше-бүгін барлық жағдайларды қарастырдық, соның ішінде оптимистік, реалистік және пессимистік сценарийлер бар. Ғалымдар сандарды саралап шыққан соң, қазір тіркеліп жатқан пневмония бойынша мәліметтерді де ескереді және жақын уақытта пациенттердің саны бойынша болжамды жариялайтын боламыз», - деп хабарлады вице-министр.

Халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшесі бола тұрып Қазақстан коронавируспен жаһандық күреске атсалысуда. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бүгінге дейін отандық дәрігерлер Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Израиль елдерінің мамандарымен, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларымен 30-ға тарта бейнеконференция өткізгенін жеткізді.

«Жалпы, гуманитарлық көмек туралы айтсақ, 5 миллион 200 мыңға жуық бетперде, 98 аппарат, 260 мың тестілеу сынама жүйесі, 3 мыңға жуық тепловизор мен термометр жеткізілді. Сонымен қатар, Қытай мен Ресейден және басқа да елдерден дәрігер мамандар да келіп, көмек көрсетіп отырғанын білесіздер», – деді сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары.

Авторы: Данагүл Біләлова

 

Фото: uralskweek.kz