Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 38 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 38 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2097 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Пандемия басталғалы дәрігерлер ауру құрсауынан аман алып қалған қазақстандықтардың жалпы саны 38 008-ге жетті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1759 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 844 адам – клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+250) және Алматы (+229) қалаларында және Ақтөбе (+196) және Атырау (+179) облыстарында тіркелген. Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 63 514 адам.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 7149 (+250)

Алматы қаласы - 8040 (+229)

Шымкент қаласы - 4175 (+28)

Ақмола облысы - 1769 (+42)

Ақтөбе облысы - 2545 (+196)

Алматы облысы - 3291 (+82)

Атырау облысы - 8297 (+179)

Шығыс Қазақстан облысы - 3376 (+139)

Жамбыл облысы - 2346 (+79)

Батыс Қазақстан облысы - 4226 (+98)

Қарағанды облысы - 6444 (+98)

Қостанай облысы - 1696 (+45)

Қызылорда облысы - 1899 (+53)

Маңғыстау облысы - 2111 (+38)

Павлодар облысы - 1964 (+88)

Солтүстік Қазақстан облысы - 1845 (+75)

Түркістан облысы - 2341 (+40)

 

Фото: pricom.kz