ҚР ДСМ: қазақстандық дәріханалар дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етілуде

ҚР ДСМ: қазақстандық дәріханалар дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етілуде

Өңірлерге ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың айлық қоры жөнелтілді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген  отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Елдегі дәрі-дәрмек қорын толықтыру үшін Ресейге екі, Үндістанға бір ұшақ жіберілді. Отандық өндірісті қоса алғанда осы күнге дейін 2 млрд теңгеге 3,5 миллион қаптама дәрі-дәрмек жеткізілді», - деді министр.

Аймақтарға жіберілген дәрі-дәрмектердің барлығы  халық арасында зор сұарнысқа ие. Ыстық түсіретін және антибактериалды препараттардың 21 түрі тең дәрежеде бөлінген. Жергілікті атқарушы органдар дәріхана желілеріне мониторинг жүргізіп, осы дәрі-дәрмек түрлерінің дәріханаларда болуын қамтамасыз етуі қажет.

«Осы жылдың 15 және 17 шілдесінде Үндістанға тағы екі ұшақ, Ресейге тағы бір ұшақ жіберу көзделіп отыр. Дәрі-дәрмек қоры күн сайын бақылауда болады», - деп толықтырды Алексей Цой.

Бұдан бөлек отандық фармкомпаниялар да өндіріс көлемін арттырып жатыр.

 

Фото: newtimes.kz