Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 мыңға жуықтады

Елімізде өткен тәулікте 1856 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1011 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 61 755 адам, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында (225), Алматыда (220) және Нұр-Сұлтанда (211 ) тіркелді. Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:

Атырау облысында - 8118 (+190),

Алматы қаласында - 7811(+220),

Нұр-Сұлтан қаласында -6899(+211),

Қарағанды облысында - 6346(+102),

Шымкент қаласында - 4147(+80),

Батыс Қазақстан облысында - 4128 (+138),

Шығыс Қазақстан облысында - 3237 (+225),

Алматы облысында - 3209 (+79),

Ақтөбе облысында - 2349 (+171),

Түркістан облысында - 2301 (+59),

Жамбыл облысында - 2267 (+78),

Маңғыстау облысында - 2073 (+24),

Павлодар облысында - 1876 (+73),

Қызылорда облысында -1846 (+62),

Солтүстік Қазақстан облысында - 1770 (+59),

Ақмола облысында - 1727 (+39),

Қостанай облысында - 1651 (+46).

Дәрігерлер 35 911 адамды емдеп шығарды. 396 адам қайтыс болды.

 

Фото: rbc.ru


×