Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 55 мыңға жақындап келеді

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 55 мыңға жақындап келеді

Қазақстанда өткен тәулікте 1726 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 936 тасымалдаушы анықталды, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Атырау облысында (+336), Алматы қаласында (+217) және Нұр-Сұлтанда (+180) тіркелген. Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 54 747 адам.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 6357 (+180)

Алматы қаласы - 6895 (+217)

Шымкент қаласы - 3769 (+49)

Ақмола облысы - 1581 (+34)

Ақтөбе облысы - 1988 (+49)

Алматы облысы - 2939 (+108)

Атырау облысы - 7150 (+336)

Шығыс Қазақстан облысы - 2547 (+121)

Жамбыл облысы - 1971 (+48)

Батыс Қазақстан облысы - 3699 (+99)

Қарағанды облысы - 5790 (+120)

Қостанай облысы - 1435 (+121)

Қызылорда облысы - 1578 (+63)

Маңғыстау облысы - 1794 (+52)

Павлодар облысы - 1616 (+52)

Солтүстік Қазақстан облысы - 1532 (+50)

Түркістан облысы - 2106 (+27)

Қауіпті инфекциядан аман-есен айығып шыққандар – 31 815 адам.

264 науқас қайтыс болды.

 

Фото: i3vestno.ru