Алматыда коронавирусқа қарсы дәрілер шығарылады

Алматыда коронавирусқа қарсы дәрілер шығарылады

Қазақстанда коронавирусты емдеуге пайдаланылатын «Фавипиравир» дәрісі шығарылады. Жапония, Қытай сынды бірқатар елдерде COVID-19 қарсы тиімді қолданыстан өткізілген жаңа препарат  енді Алматыдағы фармацевтикалық фабрикада шығатын болады. Қазір отандық компания дәрмекті тіркеу процесінде. Содан кейін өндіруші «Фавипиравирді» ішкі нарыққа жібермек. Ал күзден бастап атылмыш  дәрілер республика ауруханаларына түсе бастайды. Айта кетейік, фармкомпания бұған дейін тағы бір қат дәрі «Азитромициннің» өндірісін қолға алған болатын. Тек соңғы айда бұл дәріге сұраныс 5-6 есеге артқан.

«Тек өткен жылы ғана фабрика азитромициннің  600 мың қорапшасын өндіріп, медициналық құрылымдарды қамтамасыз етті. Алдағы уақытта 300  мың қаптамасын шығармақпыз. Қазір ғана қала әкімімен кеңес болды. Қалада тұрақтандыру қоры құрылады. Біз оларға да өз өнімдерімізді жібереміз. Дәрігерлер мен  фармацевтер жұмылып,  бұл мәселені жақын арада шешеміз деп ойлаймын», - дейді фармацевтикалық фабриканың бас атқарушы директоры Светлана Киль.

 

Фото: almaty.tv