Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 53 мыңнан асты

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 53 мыңнан асты

Республикада өткен тәулікте 1962 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1209 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, науқастардың басым бөлігі  Атырау  облысында (658), Алматы қаласында (177) және Нұр-Сұлтан қаласында (120) тіркелді. Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 53 021 адамға жетті.

Аймақтар бойынша ахуал төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 6177 (+120)

Алматы қаласы - 6678 (+177)

Шымкент қаласы - 3720 (+61)

Ақмола облысы - 1547 (+35)

Ақтөбе облысы - 1939 (+89)

Алматы облысы - 2831 (+81)

Атырау облысы - 6814 (+658)

Шығыс Қазақстан облысы - 2426 (+113)

Жамбыл облысы - 1923 (+57)

Батыс Қазақстан облысы - 3600 (+91)

Қарағанды облысы - 5670 (+150)

Қостанай облысы - 1314 (+111)

Қызылорда облысы - 1515 (+28)

Маңғыстау облысы - 1742 (+70)

Павлодар облысы - 1564 (+57)

Солтүстік Қазақстан облысы - 1482 (+36)

Түркістан облысы - 2079 (+28)

Өткен тәулікте 988 науқас коронавирустан емделіп шықты. Осылайша жазылып шыққандар саны 35 137 адамға жетті.

 

Фото: kapital.kz