Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 51 мыңнан асты

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 51 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 1376 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 847 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша індет жұқтырғандардың басым бөлігі Атырау облысында (264),   Қарағанды облысы (184) және  Алматы қаласында (143) тіркелді. Жалпы республика бойынша індет жұқтырғандардың саны қазіргі күні 51059 адамға жетті.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 6057 (+73)

Алматы қаласы - 6501 (+143)

Шымкент қаласы - 3659 (+65)

Ақмола облысы - 1512 (+28)

Ақтөбе облысы - 1850 (+22)

Алматы облысы - 2750 (+59)

Атырау облысы - 6156 (+264)

Шығыс Қазақстан облысы - 2313 (+135)

Жамбыл облысы - 1866 (+77)

Батыс Қазақстан облысы - 3509 (+86)

Қарағанды облысы - 5520 (+184)

Қостанай облысы - 1203 (+42)

Қызылорда облысы - 1487 (+31)

Маңғыстау облысы - 1672 (+82)

Павлодар облысы - 1507 (+47)

Солтүстік Қазақстан облысы - 1446 (+28)

Түркістан облысы - 2051 (+10)

Сонымен қатар өткен тәулікте 630 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша дәрігерлер көмегімен індеттен сауыққандар саны 16928 болды.

 

Фото: lada.kz