Тыныс алу жаттығулары, дәрумендер және гимнастика: коронавирустан үйде емделудің жолдары туралы маман кеңестері

Тыныс алу жаттығулары, дәрумендер және гимнастика: коронавирустан үйде емделудің жолдары туралы маман кеңестері

Коронавирустан үйде емделгенде не істеу қажет, қауіпті ауруды жұқтырып алмау үшін алдын алу шаралары бар ма? Қазақстандықтарды мазалайтын осы және өзге де сұрақтардың жауабын С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің профессоры Ләззат Ералиева айтып берді.

Ләззат Тасболатқызы, коронавирус жұқтыру күдігі туындаған кезде қабылдануы тиіс алғашқы шаралар қандай? Адам бірінші кезекте не істеу керек? Дәрігерге жүгініп, жедел жәрдем шақыру қажет пе?

 - Ең алдымен, адам өз бойындағы КВИ белгілерін біліп алған дұрыс. Және де коронавирус инфекциясы екі кезеңмен өтетінін білу керек. Бұл - респираторлыққа дейінгі, яғни тыныс алу жолдарының зақымдану белгілері пайда болғанға дейінгі және респираторлық кезеңдер. Респираторлыққа дейінгі кезең бір аптадай жалғасады, және ондағы ем-дом басқа. Жастарда әдетте ауру осы кезеңде аяқталып жатады. Және ең бастысы, респираторлыққа дейінгі кезеңде қорқып, даурығудың қажеті жоқ! Жедел жәрдемге хабарласуға асықпаңыз. Ең алдымен, КВИ кезінде туындайтын ықтимал симптомдардың тізімін жасап алу керек. Бұлар -  температура, мұрынның бітелуі, бұлшық еттердің сыздауы, иіс сезбеу, кеуденің ауырсынуы, жөтел, әлсіреу және т.б. Бәрін күнделікті түрде жазып отыру қажет. Бұл не үшін керек? Аурудың динамикасын бақылау үшін және ахуалдың жақсаруын немесе аурудың өршуін сезіну үшін, респираторлық кезең басталғанын түсуні үшін қажет. Минутына тыныс алу жиілігін сақтау керек. Сау адамда тыныс алу жиілігі жиырмаға дейін барады. Қозғалған кезде адамның тыныс алуы қиындамауға тиіс. Осының бәрін жазып отыру маңызды. Егер адамның ауырғанына 7 күннен асса, құрғақ жөтел пайда болса, кеудесі ауырып, тыныс алуы қиындаса, учаскелік педиатрға хабарласу керек немесе жедел жәрдем шақырылады. Созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан адам болса, міндетті түрде осылай жасау керек.

Үйде емделудің алгоритмі қандай?

 - Ең алдымен, су көп ішу қажет. Коронавирустың өзіне ықпал ете алатын препараттар жоқ. Ем-дом симптомдармен күреске негізделеді. Сол себепті әзірге үйдегі жағдайда өте көп су ішу қажет. Электролиттерді толықтыру үшін регидрон ішуге болады, жеміс-жидектерден қайнатылған морс, компот сынды сусындар ішіңіз. Олардың құрамында дәрумендер бар. Ал егер температура көтерілсе, дене қызуын төмендететін препараттар қабылдауға болады. Алайда 4 сағаттық интервал туралы ұмытпаған дұрыс. Дене қызуын түсірудің басқа да әдістерін қолдануға болады. Және де егер адамның өзі көтере алса, 38 градусқа дейінгі температураны төмендетпеген жөн. Дене қызуының көтерілгені – қалыпты жағдай. Ол ағзаның күресіп жатқанын білдіреді, яғни ол өзін қорғауаға тырысып жатыр деген сөз. Егер үйде С,D дарумендері, цинк болса, қабылдауға болады. 8 сағаттық түнгі ұйқыны да бұзбаған дұрыс. Тамақтану жағы бірқалыпты болып, диета ұстануға тыйым салынады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде айтып жатқандай, спирт иіскеудің қажеті жоқ. Жай ғана дұрыс тыныс алу маңызды. Кеудеге ауаны жұтып, дұрыс тыныс алу керек. Күніне бірнеше рет тыныс алу жаттығуларын жасаған артық етпейді. Таза ауа жұтып, дене шынықтыру қажет.

Қазір халық антибиотиктер мен түрлі вирусқа қарсы препараттарды жаппай сатып алып жаыр. Бұның арты неге соғуы мүмкін? Қандай дәрі-дәрмектерді қолданған дұрыс болады?

- Біз қазір үлкен мәселеге тап болдық. Оның арты неге соғары белгісіз. Бұл орайда адамдар сатып алып жатқан вирусқа қарсы препараттардың белгілікті қасиеттерімен қолдану ерекшеліктері болады. Иммунитет қысқа уақытқа ғана жақсаруы мүмкін. Оның бәрі адам ағзасына, оның өмір салтына байланысты болады. Алдымен осыны ескерген жөн. Екіншіден, емдеуді еш уақытта антибиотиктерден бастауға болмайды. Олар вирусқа әсер етпейді. Олар табиғи иммунитетті әлсіретеді. Сондай-ақ, денеде бөртпелер пайда болып, диареяға алым келуі мүмкін. Осындай ауру белгілері пайда болған кезде дәрігерге оның қолданған препараттың әсері ме, әлде коронавирустың белгісі екенін анықтау қиынға соғады. Бұған қоса, асқазанның микрофлорасы бұзылады. Әрине бұл жағдайларда дәрігерлерді алаңдататыны антибиотиктерге тұрақтылық дамып кетуі ғажап емес. Осы кезде дәрігер қандай ем жүретінін білмей, шипа болатын дәрілерді анықтай алмайды.    Әсіресе гормондық препараттарға жүгінбеген жөн. Нәтижесінде гормондық дисбаланс пайда болып, иммундық жүйе мұлдем әлсіреп кетеді. Міне осы жайттарды қатаң ескерген жөн.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйдегі бастапқы көмек үшін қажетті дәрі қобдишасында қандай препараттар болуы тиіс. Диагноз нақты анықталмайынша қандай дәрі-дәрмектерді қолдануға болады?

-  Қалыпты дәрі қобдишасында міндетті түрде ыстықты басатын препараттар болуы тиіс.  Дене қызуын төмендететін дәрі-дәрмектердің түрлері көп. Бір ғана парацетамолдың айналасында дүрбелеңнің туғаны дұрыс емес. Мәселен, дәрі қобдишасында парацетомол, ибуфен, ибупрофен, эффералган, панадол, силиконды тығындәрі, фервекс болуы керек. Осылардың барлығы ыстықты басуға арналған. Сондай-ақ, дәрі қобдишасында тамақтың асқынуын басатын дәрі-дәрмектер болуы шарт.

Иммунитетті жақсартып, ауруды жұқтырмас үшін қандай дәрумендер ішуге кеңес бересіз?

- Бұл жерде де дәрумендердің имунитетке кері әсерлері бар екенін ұмытпау  керек. Сондықтан егер мен С витаминін қабылдасам, ауру жұқпайды деу қате түсінік. Оның бәрі адамның ағзасы, жасы мен вирусқа байланысты. Әрине С витамині – денсаулықты жақсартудың кепілі. Қазір – жеміс-жидектер маусымы. Сондықтан, дәруменге толы жемістен жасалған нәрсулар мен морстарды ішу керек. Кемінде күніне үш литр сұйықтық ішкен дұрыс болады.

Аса өзекті мәселелердің бірі – коронавирусттан балаларды емдеу. Егер бір жасқа толмаған баланың дене қызуы көтерілсе не істеу керек?

 - Қуанышқа қарай, инфекция жұқтырған балаларда көп жағдайда ауру белгілері байқалмайды. Олардың тең жартысы инфекциядан жеңіл өтеді. Көбіне фарингит немесе ринит түрінде тыныс алу жүйесінің жоғарғы бөлігі қабынады. Бұл жағдайда оны қарапайым тұмаудан емдеуге қажетті процедуралар жеткілікті болады. Яғни, дене қызуын түсіріп, көбірек су ішкізу керек. Жеңіл түрде тамақтандыру қажет. Тіпті қатерлі індетпен ауыратын анадан туған сәбиде дерт жеңіл формада өтеді. 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Фото: liter.kz