Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 50 мыңға жақындап келеді

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 50 мыңға жақындап келеді

Қазақстанда өткен тәулікте 1109 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 649 тасымалдаушы анықталды, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі.

Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Алматы қаласында (+157), Батыс Қазақстан облысында (+128) және Атырау облысында (+101) тіркелген. Республика бойынша COVID-19 науқастарының саны – 49 683 адам.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 5984 (+95)

Алматы қаласы - 6358 (+157)

Шымкент қаласы - 3594 (+39)

Ақмола облысы - 1484 (+32)

Ақтөбе облысы - 1828 (+86)

Алматы облысы - 2691 (+51)

Атырау облысы - 5892 (+101)

Шығыс Қазақстан облысы - 2178 (+62)

Жамбыл облысы - 1789 (+59)

Батыс Қазақстан облысы - 3423 (+128)

Қарағанды облысы - 5336 (+93)

Қостанай облысы - 1161 (+63)

Қызылорда облысы - 1456 (+7)

Маңғыстау облысы - 1590 (+13)

Павлодар облысы - 1460 (+52)

Солтүстік Қазақстан облысы - 1418 (+19)

Түркістан облысы - 2041 (+52)

Қауіпті инфекциядан аман-есен айығып шыққандар қатары 16 183-ке жетті.

30 маусым мен 6 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус індетінен 76 адам көз жұмды. Қазақстанда коронавирустан барлығы 264 адам өлімі тіркелді.

 

Фото: informburo.kz