Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 42 мыңнан асты

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 42 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 1509 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Өткен тәулікте 1509 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Атырау облысы (+287) мен Алматы қаласында (+195) тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 42 574-ке жетті.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 5523 (+81)

Алматы қаласы - 5696 (+195)

Шымкент қаласы - 3194 (+43)

Ақмола облысы - 1298 (+52)

Ақтөбе облысы - 1574 (+63)

Алматы облысы - 2207 (+111)

Атырау облысы - 4420 (+287)

Шығыс Қазақстан облысы - 1628 (+111)

Жамбыл облысы - 1468 (+45)

Батыс Қазақстан облысы - 2885 (+112)

Қарағанды облысы - 4936 (+97)

Қостанай облысы - 945 (+11)

Қызылорда облысы - 1317 (+105)

Маңғыстау облысы - 1217 (+83)

Павлодар облысы - 1198 (+59)

Солтүстік Қазақстан облысы - 1323 (+28)

Түркістан облысы - 1745 (+26)

Қауіпті инфекциядан аман-есен айығып шыққандар қатары 13 845-ке жетті.

 

Фото: konar.ru