Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 41 мыңнан асты

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 41 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар мен симптомсыз науқастар деп енді бөлінбейді.

Өткен тәулікте 1604 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында (+149), Алматы қаласында (+113) және Нұр-Сұлтан (+110) қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 41 055-ке жетті.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 5442(+110)

Алматы қаласы – 5501(+113)

Шымкент қаласы – 3151(+69)

Ақмола облысы – 1246(+92)

Ақтөбе облысы – 1511(+37)

Алматы облысы – 2096(+98)

Атырау облысы – 4133(+229)

Шығыс Қазақстан облысы – 1517(+98)

Жамбыл облысы – 1423(+48)

Батыс Қазақстан облысы – 2773(+149)

Қарағанды облысы – 4829(+191)

Қостанай облысы – 934(+32)

Қызылорда облысы – 1212(+45)

Маңғыстау облысы – 1134(+71)

Павлодар облысы – 1139(+89)

Солтүстік Қазақстан облысы – 1295(+81)

Түркістан облысы – 1719(+52)

550 пациент коронавирустан жазылды, нәтижесінде қауіпті инфекциядан аман-есен айығып шыққандар қатары 13 558-ге жетті.

 

Фото: coronavirus2020.kz