Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны – 21 819

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны – 21 819

Соңғы 24 сағаттың ішінде елімізде 10 адам коронавирустан көз жұмды.

Жалпы, Қазақстанда өткен тәулікте 492 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,3% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Алматы (+59) және Нұр-Сұлтан (+57) қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 21 819-ға жетті.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3845(+57)

Алматы қаласы – 3775(+59)

Қарағанды облысы – 2268(+49)

Шымкент қаласы – 1647(+38)

Атырау облысы – 1640(+23)

Батыс Қазақстан облысы – 1462(+31)

Ақтөбе облысы – 862(+34)

Түркістан облысы – 846(+14)

Шығыс Қазақстан облысы – 793(+51)

Павлодар облысы – 740(+31)

Алматы облысы – 720(+19)

Жамбыл облысы – 693(+10)

Қызылорда облысы – 664(+11)

Қостанай облысы – 498(+27)

Маңғыстау облысы – 484(+6)

Ақмола облысы – 482(+10)

Солтүстік Қазақстан облысы – 400(+22)

Сондай-ақ, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1003 тасымалдаушы тіркелді. Әлі де Қарағанды (+141) және Атырау (+111) облыстарында өсім байқалады. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 17 642 адамнан анықталып отыр.

13 008 қазақстандық жазылып шықса, 188 пациент қайтыс болған.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Мемлекет басшысы атап өткендей, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін елімізде індет қайтадан белең алып кетті. Биылғы 11 мамырда шектеулер жойылғаннан кейін вирустың таралуы 7 есеге дейін өскен. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін мемлекет басшысы шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде биылғы наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсыныс әзірлеп, енгізуді тапсырды.

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz