Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны – 21 327

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны – 21 327

Соңғы 24 сағаттың ішінде елімізде 12 адам коронавирустан көз жұмды.

Жалпы, Қазақстанда өткен тәулікте 547 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,6% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+72) және Алматы (+54) қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 21 327-ге жетті.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3788(+72)

Алматы қаласы – 3716(+54)

Қарағанды облысы – 2219(+43)

Атырау облысы – 1617(+11)

Шымкент қаласы – 1609(+53)

Батыс Қазақстан облысы – 1431(+42)

Түркістан облысы – 832(+35)

Ақтөбе облысы – 828(+51)

Шығыс Қазақстан облысы – 742(+46)

Павлодар облысы – 709(+35)

Алматы облысы – 701(+20)

Жамбыл облысы – 683(+13)

Қызылорда облысы – 653(+19)

Маңғыстау облысы – 478(+6)

Ақмола облысы – 472(+15)

Қостанай облысы – 471(+12)

Солтүстік Қазақстан облысы – 378(+20)

Сондай-ақ жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1066 тасымалдаушы тіркелді. Әсіресе, Атырау және Қарағанды облыстарында өсім байқалады. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 16 639 адамнан анықталып отыр.

12 933 қазақстандық жазылып шықса, 178 пациент қайтыс болған.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте Мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Кеңеске Үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары, облыс әкімдері қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы жариялады.

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz