Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны – 19 750

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны – 19 750

Соңғы 24 сағаттың ішінде елімізде 4 адам коронавирустан көз жұмды. Науқастың үшеуі Алматыдан, біреуі Ақмола облысында емделген.

Жалпы, Қазақстанда өткен тәулікте 465 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,4% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Нұр-Сұлтан (+67) қаласында және Шығыс Қазақстан (+54), Қарағанды (+46) облыстарында тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 19 750-ге жетті.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3613(+67)

Алматы қаласы – 3549(+19)

Шымкент қаласы – 1482(+36)

Ақмола облысы – 414(+23)

Ақтөбе облысы – 716(+23)

Алматы облысы – 645(+15)

Атырау облысы – 1584(+24)

Шығыс Қазақстан облысы – 609(+54)

Жамбыл облысы – 647(+10)

Батыс Қазақстан облысы – 1305(+38)

Қарағанды облысы – 2080(+46)

Қостанай облысы – 420(+25)

Қызылорда облысы – 615(+19)

Маңғыстау облысы – 462(+6)

Павлодар облысы – 593(+25)

Солтүстік Қазақстан облысы – 302(+15)

Түркістан облысы – 714(+20)

Сондай-ақ, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 883 тасымалдаушы тіркелді. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 13 560 адамнан анықталып отыр.

12 220 қазақстандық жазылып шықса, 140 пациент қайтыс болған.

Атап өтерлігі, бейсенбі күні Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цой тағайындалған болатын. Ведомствоның бұрынғы басшысы Елжан Біртанов КВИ жұқтырғаннан кейін пневмониясы асқынып ауруханада жатыр. 

 

Фото: inform.kz