COVID-19 екінші толқыны: басталды ма? жоқ па?

COVID-19 екінші толқыны: басталды ма? жоқ па?

Жұқпалы аурулар жөніндегі халықаралық сарапшылар, экономистер мен саясаткерлер әлемде алдағы айларда COVID-19 инфекциясының екінші толқыны басталуы мүмкін деп болжам айтып отыр.

«Індет қайта өршіп, адамдардың денсаулығы алдыңғыдан да нашарлай түсті», - дейді Гарвар университетінің Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиолог дәрігері Уильям Хэнэдж.

Эпидемиологтар екінші толқынның ресми анықтамасы жоқ дейді, бірақ олар қашан басталатынын өздері жақсы түсінеді.

«Бұл айдан анық белгілі болады. Яғни инфекциямен ауырғандар саны азайып, екінші топтағы ауруды жұқтырғандардың санының көбейгені байқалады. Мұны байқамау мүмкін емес»,- деді Колумбия университетінің Mailman Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің эпидемиолог дәрігері Джессика Джастман.

Алайда, АҚШ үкіметінің жұқпалы аурулар жөніндегі жетекші сарапшысы Энтони Фаукидің айтуынша, әлемде бірінші толқын аяқталмаған  кезде, екінші толқын туралы айтып, талқылау әлі ерте. Бүгінгі таңда COVID-19 вирусынан 477 мыңнан астам адам қайтыс болып, 9,2 миллионнан астам коронавирус дерегі тіркелген.

Мысал ретінде Америка Құрама штаттарын алатын болсақ, мұнда COVID-19 оқиғалары наурыз-сәуір айларында күрт өскен болатын. Кейін елде оқшаулау режимі енгізілгеннен кейін сәл бәсеңсіді. Бірақ Еуропа мен Азияның бірнеше елдеріндегідей Америка Құрама Штаттарында бірінші толқынның нақты аяқталғанын білдіретін вирус жұқтыру көрсеткішінің күрт төмендеуі байқалған жоқ. Бүгінгі таңда АҚШ-та тәулігіне шамамен 20 000 COVID-19 жағдайы анықталады.

Сонымен қатар өткен аптада Бразилия вирус жұқтыру саны бойынша бірнеше елді басып озып, қаралы рейтінгте АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты. Латын Америкасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Бразилияда 1,1 миллионнан астам инфекцияға шалдығу дерегі расталған. Соңғы 24 сағат ішінде елде аурудың 39,5 мың жаңа жағдайы тіркелді. Қайтыс болғандар саны 52 мыңнан асады.

Вирус расталған антирейтингтің үшінші орынында көршілес Ресей елі. Мұнда 600 мыңға жуық адамда індет анықталған. Кейін 456 мыңнан аса вирус жұқтыру дерегі расталған Үндістан елі болса, одан кейін Ұлыбритания  орналасты. Мұнда 307 мыңнан аса адам  COVID-19 вирусына шалдықты.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

 

Фото: eadaily.com