Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа ПТР-тестілеу жүргізбейді

Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа ПТР-тестілеу жүргізбейді

Ұлттық сараптама орталығы еліміздің 5 қаласында жеке тұлғалар арасында коронавирусқа ақылы ПТР-тестілеуді уақытша тоқтатады. Бұл туралы Ұлттық орталықтың ресми сайтында хабарланды.

«Коронавирус инфекциясын ПТР-тест әдісімен анықтау мемлекеттік тапсырысы бойынша жасалатын зерттеулердің көлемі өте көп болып отыр. Тест тапсырушылар қатарында науқастармен байланысқан адамдар, пациенттер, медқызметкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алуды уақытша тоқтататамыз»,- делінген орталық хабарламасында.

 

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz