Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 18 мыңнан асты

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны 18 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 7 адам коронавирустан көз жұмды. Оның алтауы Нұр-Сұлтанда, бір пациент Қостанай облысында дәрігерлер бақылауында болған. 

Соңғы 24 сағат ішінде 499 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өсім 2,8% құрады. Ауру жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Шымкент (+61), Нұр-Сұлтан (+59) қаласында және Қарағанды облысында (+53) тіркелген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Осылайша, республика бойынша COVID-19 науқастарының саны 18 231-ге жетті.

Ел аймақтарындағы ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3407(+59)

Алматы қаласы – 3429(+39)

Шымкент қаласы – 1357(+61)

Ақмола облысы – 349(+21)

Ақтөбе облысы – 653(+25)

Алматы облысы – 597(+14)

Атырау облысы – 1475(+35)

Шығыс Қазақстан облысы – 460(+31)

Жамбыл облысы – 616(+16)

Батыс Қазақстан облысы – 1186(+29)

Қарағанды облысы – 1950(+53)

Қостанай облысы – 358(+33)

Қызылорда облысы – 572(+17)

Маңғыстау облысы – 436(+2)

Павлодар облысы – 521(+21)

Солтүстік Қазақстан облысы – 246(+21)

Түркістан облысы – 619(+22)

Сондай-ақ, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 816 тасымалдаушы тіркелді. Бүгінге дейін Қазақстанда симптомсыз коронавирус 10 625 адамнан анықталып отыр.

11 158 қазақстандық жазылып шықса, 127 пациент қайтыс болған.

 

Фото: zakon.kz