Жоспарлы вакцинация қайта басталды

Жоспарлы вакцинация қайта басталды

2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егуден 1 423  бас тарту жағдайы есепке алынды. Былтырғы нуақанның  осы кезеңімен салыстырғанда 13% өскені байқалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева мәлімдеді.  Алайда оның айтуынша, бас тартқан адамдар арасында егілгендер саны 2 есеге дейін төмендеген. Ләззат Ақтаева бүл жағдайдың себептерін атады.

«Бас тарту себептері бойынша ең үлкен үлес салмақ жеке сенім бойынша бас тартуға келеді және ол жалпы бас тарту санының 52,9 пайызын құрайды, діни пайымдаулар бойынша – 29, вакцинаға сенімсіздік – 11, БАҚ-тағы теріс ақпарат бойынша – 6 пайыз. Бас тартқандар арасында 309 адам егілді», - деді Ләззат Ақтаева.

Жалпы 2020 жылдың 5 айында 1 411 647 адам егілді. ҚР бойынша вакцинациямен қамту егуге жататындар санының 92 пайызын құрады.

«Вакцинациялаумен жеткіліксіз қамту төтенше жағдай кезінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізудің тоқтатылуына байланысты. Қазіргі уақытта жоспарлы вакцинация қайта басталды, оның ішінде төтенше жағдай кезінде екпе алмаған балалар егілуде», - деді Ләззат Ақтаева.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: ont.by