Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 16351 болды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 16351 болды

Қазақстанда өткен тәулікте 474 адамда коронавирус анықталды. Өсім 3,0% құрады. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 16 351 адам,деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Бір тәулікте инфекция анықталғандар бойынша елорда алда тұр, мұнда 103 науқаста вирус оң нәтиже көрсеткен. Қарағанды облысында 57, Алматыда 41 науқас анықталды.

Жалпы аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы – 3113(+103)

Алматы қаласы – 3258(+41)

Шымкент қаласы – 1222(+37)

Ақмола облысы – 262(+20)

Ақтөбе облысы – 588(+27)

Алматы облысы – 554(+9)

Атырау облысы – 1379(+17)

Шығыс Қазақстан облысы – 333(+35)

Жамбыл облысы – 553(+29)

Батыс Қазақстан облысы – 1069(+28)

Қарағанды облысы – 1718(+57)

Қостанай облысы – 258(+11)

Қызылорда облысы – 533(+11)

Маңғыстау облысы – 409(+5)

Павлодар облысы – 437

Солтүстік Қазақстан облысы – 146(+12)

Түркістан облысы – 519(+32)

Елімізде статистикаға қосылмаған коронавирус белгілері жоқ тағы 778 тасымалдаушы тіркелді. Осылайша, олардың саны 7609 адамға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте 5 науқас індеттен көз жұмып, қайтыс болғандар саны 105-ке жетті. 10 139 адам індеттен жазылып шықты.

 

Фото: tengrinews.kz