Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты

Соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған 383 адам анықталды. Өсім 2,6% құрады. Инфекция жұқтыру жағдайларының көбі Нұр-Сұлтанда (+104), Қарағанды облысында (+50) және Алматы қаласында (+34) тіркелген. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Республика бойынша COVID-19 диагнозы қойылған науқастар саны – 15 192.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Алматы қаласы – 3147(+34)

Нұр-Сұлтан қаласы – 2864(+104)

Қарағанды облысы – 1572(+50)

Атырау облысы – 1324(+14)

Шымкент қаласы – 1158(+25)

Батыс Қазақстан облысы – 991(+24)

Ақтөбе облысы – 538(+10)

Алматы облысы – 527(+12)

Қызылорда облысы – 507(+7)

Жамбыл облысы – 500(+9)

Түркістан облысы – 464(+10)

Маңғыстау облысы – 397(+18)

Павлодар облысы – 383(+34)

Шығыс Қазақстан облысы – 265(+3)

Қостанай облысы – 233(+13)

Ақмола облысы – 205(+10)

Солтүстік Қазақстан облысы – 117(+6)

Жазылып шыққандар – 9388. Қазақстанда өткен тәулікте 4 адам коронавирустан көз жұмды. Пациенттің екеуі Алматы қаласынан және біреуі Павлодар облысы мен Ақтөбе облысынан. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны – 81-ге жетті.

15 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 600 тасымалдаушы тіркелді. Осылайша, олардың жалпы саны – 5492 адам.

 

Фото: kaztag.kz