Қазақстандағы COVID-19 науқастарының саны - 13872

Қазақстандағы COVID-19 науқастарының саны - 13872
Елімізде өткен тәулікте 314 адамнан коронавирус анықталды. Өсім 2,3% құрады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Ауру жұқтырғандардың көбі Нұр-Сұлтан (+50), Алматы (+48) қалаларының және Қарағанды облысының (+52) тұрғындары болып отыр. Жалпы, республикада коронавирус инфекциясына шалдығу бойынша расталған жағдайлар саны 13872-ге жетті.
 
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
 
Нұр-Сұлтан қаласы – 2620(+50)
Алматы қаласы – 3005(+48)
Шымкент қаласы – 1051(+29)
Ақмола облысы – 186(+2)
Ақтөбе облысы – 492(+48)
Алматы облысы – 490(+20)
Атырау облысы – 1246(+14)
Шығыс Қазақстан облысы – 224(+9)
Жамбыл облысы – 467(+5)
Батыс Қазақстан облысы – 893(+15)
Қарағанды облысы – 1342(+52)
Қостанай облысы – 210(+1)
Қызылорда облысы – 484
Маңғыстау облысы – 368(+11)
Павлодар облысы – 298(+2)
Солтүстік Қазақстан облысы – 76(+4)
Түркістан облысы – 420(+4).
 
11 маусымдағы жағдай бойынша ортақ статистикаға қосылмаған коронавирус белгілері жоқ 630 науқас анықталып, симптомсыз тасымалдаушылардың жалпы саны 3159 адамды құрады.
 
Инфекция елімізде алғаш тіркелгелі бері отандық дәрігерлер 8593 науқасты емдеп шығарды. Өкінішке орай, 67 адам коронавирустан қайтыс болды.
 
 
Фото: bryansk.kp.ru