Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 13 500-ден асты

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 13 500-ден асты

10 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған COVID-19 клиникалық белгілері байқалмайтын 393 тасымалдаушы тіркелді. Осылайша, олардың жалпы саны – 2529 адамға жетті.

Сондай-ақ соңғы 24 сағат ішінде инфекция жұқтырған 239 адам анықталды. Өсім 1,8% құрады. Инфекция жұқтыру жағдайларының көбі Қарағанды облысында (+52), Нұр-Сұлтанда (+27) және Шымкент қаласында (+30) тіркелген. Сонымен қатар бір тәулікте еліміздің солтүстік өңірінде бірде-бір коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Республика бойынша COVID-19 диагнозы расталған науқастар саны – 13 558.

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Алматы қаласы – 2957(+18)

Нұр-Сұлтан қаласы – 2570(+27)

Қарағанды облысы – 1290(+52)

Атырау облысы – 1232(+5)

Шымкент қаласы – 1022(+30)

Батыс Қазақстан облысы – 878(+15)

Қызылорда облысы – 484(+14)

Алматы облысы – 470(+13)

Жамбыл облысы – 462(+5)

Ақтөбе облысы – 444(+17)

Түркістан облысы – 416(+5)

Маңғыстау облысы – 357(+14)

Павлодар облысы – 296(+10)

Шығыс Қазақстан облысы – 215(+11)

Қостанай облысы – 209(+1)

Ақмола облысы – 184(+2)

Солтүстік Қазақстан облысы – 72

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 8 345-і аурудан айығып шықты.

Жалпы, Қазақстанда өткен тәулікте 6 адам коронавирустан көз жұмды. Пациенттің төртеуі  Нұр-Сұлтан қаласынан және біреуі Батыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысынан. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны – 67-ге жетті.

 

Фото: express-k.kz