COVID-19 дерегі әлемде 7 млн 240 мыңнан аса адамда анықталды

COVID-19 дерегі әлемде 7 млн 240 мыңнан аса адамда анықталды

Әлемде коронавирус дендеп, тез таралып келеді. Өткен тәулік ішінде дүниежүзінде 109 мыңға жуық адамда COVID-19 диагнозы расталды.

Сонымен қатар, көптеген елдер карантиндік шараларды жеңілдетуде. Халық қалыпты өмір салтына келіп, саябақтарда серуендеп, сән салондарына барып, мейрамханаларда тамақтануда. Ал әуе компаниялары халықаралық рейстерді қайта жандандыруға дайындалып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық көрсеткіштердің нашарлап бара жатқандығын ескертеді. Дәрігерлердің айтуынша, эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқан елдер үшін басты жау - өзіне сенімділік болып отыр. Жалпы  пандемия басталғалы вирус 411 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Сарапшылар мен ғалымдардың болжамдары да көңіл көншітпейді. Мәселен, тек АҚШ-та тамыз айында індеттен қайтыс болғандардың саны 145 мыңнан асуы мүмкін.

Коронавирустың жаңа түрлері: инфекция мутациясының қаупі қандай?

Ел билігі эпидемиядан келтірілген залалды есептеп жатқанда, ғалымдар жаңа типті коронавирус инфекцияның түрлерін тапты. Сарапшылар әлемнің әртүрлі аймақтарынан алынған он мыңнан астам үлгілерін талдап, вирустың бірнеше түрін тапты. Алгоритм мамандарға SARS-CoV-2 10,4 мың штаммдарын зерттеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде мамандар инфекцияның алты клондық тобын анықтады.  Ғалымдар оның тұмаудың қоздырғышымен бірдей деңгейде мутацияға ұшырайтынын тапты. Алда олар бұл өзгерістер вирустың қаншалықты қауіпті екенін, тағы қандай қасиеттері бар екендігін және оның әр түрінің қаншалықты адам өміріне зиян екенін  анықтаулары қажет.

Коронавирус бойынша статистика: АҚШ әлі де антирейтингтің көшін бастап келеді. Бразилия болса келеңсіз тізімнің нақты дерегін жасыруда

Бүгінгі таңда әлем бойынша қатерлі індет жұқтырған адамдардың қатары 7 миллион 240 мыңнан асты. Ең көп жағдай АҚШ-та тіркелген. Онда коронавирус 1 979 850 адамда анықталды. Пандемия басталғалы 112 мыңнан астам науқас көз жұмды. Оның тең жартысын Нью-йорк тұрғындары құрап отыр. Індеттің жылдам тарауына барлық штаттарда орын алып жатқан ереуілдер де  әсер етті. Вашингтондағы Ақ үйдің қасындағы наразы халықты таратуға тартылған ұлттық гвардия жауынгерлерінен де індет ошақтары қуатталған. Әскерилердің  қаншасы коронавирус жұқтырғаны әзірге белгісіз.

Қаралы тізімнің екінші сатысында Бразилия тұр. Мұнда  740 мыңға жуық адам ауруды жұқтырған. Алайда, бұл сан, әлдеқайда көп болуы мүмкін. БАҚ-ның хабарлауынша, елде жағдайдың нашарлауына байланысты билік өкілдері  ресми статистиканы жарияламай қойған.

Коронавирус белең алған едердің үштігіне Ресей Федерациясы да кіріп отыр. Мұнда 484 630 COVID-19  дерегі анықталған.

Ұлыбритания, Үндістан, Испания, Италия, Перу, Франция, Германия және Иран да алғашқы 10 ондыққа енді.

 

Фото: aa.com.tr