COVID-19: Еуропа шекараларын біртіндеп ашуда

COVID-19: Еуропа шекараларын біртіндеп ашуда

Германия шекарасы 15 маусымнан бастап ашық

Коронавирус індеті бірқатар елдерде біртіндеп тұрақтануда, осыған байланысты олар халықаралық рейстерді қайта жандандыруда. Германия бірден Еуропалық Одақтың 26 ​​мемлекетіне өз шекарасын 15 маусымнан бастап ашады.

Айта кету керек, әлемде инфекцияны жұқтыру мен өлім-жітім саны бойынша аталған ел 9 орында тұр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, мұнда 184 500-ге жуық адам COVID-19-ға шалдыққан. 8600-ден аса науқас вирус құрбаны атанды.

Италия: ЕО елдері үшін халықаралық рейстер қайта ұша бастады

Италияда бұл көрсеткіш Германияға қарағанда анағұрлым жоғары. Елде 234 мыңнан астам адамда коронавирус расталған. 33 700-ге жауық науқас індетті жеңе алмады. Дегенмен ел билігі осы аптаның ортасында шекараларды ашқан. Сонымен қатар шетелден келген туристердің 14 күндік карантин режимінде отыру нормасын да алып тастады.

Ел басшылығы мұндай тәуекел пандемия салдарынан тұралап қалған экономиканың тамырына қан жүгірту үшін керек деп отыр. Атап айтқанда, бұл шаралар елдің ЖІӨ-нің 14% -ын қамтамасыз ететін туризм индустриясын қолдауға бағытталған.

Швейцария:  шетел азаматтары үшін шекара тек 6 шілдеден бастап ашық

Швейцария шекараларды ашуға асығыстық танытып отырған жоқ. Еуропалық Одақтың 22 елінен, сонымен қатар Исландиядан, Лихтенштейннен, Норвегиядан келген туристер швейцариялық Альпіге тек 6 шілдеден бастап бара алады.

Халықаралық туризмді 2024 жылға дейін қалпына келтіру көзделген.

Соңғы мәліметтер бойынша, мұнда 30 мың 900-ден астам адам вирусты жұқтырып, 1900-ден көбі қайтыс болды.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес 6 млн 642 мыңнан аса коронавирус дерегі анықталған. 391 мың науқас инфекцияны жеңе алмады. Сонымен қатар COVID-19-дан 3 миллионға жуық адам жазылып шықты.

 

Фото: rfi.fr