Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күресу үшін виброакустикалық құрылғыларды сатып алды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. Өкпе патологиясын емдейтін 87 виброакустикалық аппарат Қазақстандағы жұқпалы аурулар ауруханаларына таратылады.

«Бұл COVID-19 вирусына қарсы күресу мақсатында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бағдарламаның жалғасы болып саналады. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес вирустық инфекциядан пайда болған өкпе асқынуларын емдеу ережесі бойынша виброакустикалық терапияны қолдану қажет және бұл аппаратты пайдаланған жағдайы ауыр науқастардың денсаулығына оң нәтиже береді», - делінген хабарламада.

Ал елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсара қойған жоқ. Бір тәулік ішінде 4 науқас инфекциядан көз жұмды, осылайша коронавирустан қайтыс болғандар саны 52-ге жетті. Жалпы елімізде өткен тәулікте 245 адамнан коронавирус анықталды. Өсім 2% құрады. Республика бойынша инфекцияға шалдыққандар саны – 12 312. Жартысынан көбірегі, яғни 6606 адам аурудан толықтай жазылып шыққан.

 

Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:

 

Алматы қаласы – 2790(+49)

Нұр-Сұлтан қаласы – 2379(+35)

Атырау облысы – 1185(+10)

Қарағанды облысы – 1072(+48)

Шымкент қаласы – 924(+15)

Батыс Қазақстан облысы – 776(+22)

Қызылорда облысы – 452(+3)

Алматы облысы – 413(+11)

Жамбыл облысы – 412(+7)

Түркістан облысы – 389(+5)

Ақтөбе облысы – 373(+6)

Маңғыстау облысы – 319(+11)

Павлодар облысы – 229(+5)

Қостанай облысы – 195(+4)

Ақмола облысы – 172(+5)

Шығыс Қазақстан облысы – 168(+9)

Солтүстік Қазақстан облысы – 64

 

Фото: ktk.kz