Абай бол! Эпидемиологтар санитарлық талаптарды ұмытпауға шақырады

Абай бол! Эпидемиологтар санитарлық талаптарды ұмытпауға шақырады

Коронавирус пандемиясы жалғасуда. Қатерлі індет әлі де өршіп, қаупі сейіле қойған жоқ. Дейтұра, көптеген елдер біртіндеп оқшаулаудан  шығып, тыйым шаралары жеңілдетіліп жатыр. Жаппай іс шаралар өткізуге рұқсат берілді, әуе байланысы мен көлік қатынасы жанданды, бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдар өз  қызметтеріне кірісті. Дүниежүзілік денаулық сақтау ұйымы карантиннен кейінгі сақтық шараларын бекітіп, төтенше жағдайдың екінші толқыны келуі мүмкін екенін ескертті. Оны болдырмас үшін күнделікті жұмыс орындарын залалсыздандыру, әлеуметтік қашықтықты сақтау, кездеулер мен қызметтік іс-сапарларды барынша қысқарту ұсынылған.

«Біз індеттің екінші толқыны келетінін болжап отырмыз. Сондықтан да, үкімет, денсаулық сақтау министірлігі мен халық қауіптің әлі күнге дейін сейілмегенін түсінулері керек. Пандемия тоқтаған жоқ, жалғасып жатыр. Шектеу шараларын жеңілдету - мәжбүрлі шара. Халық бұған асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сан соғып қалмас үшін әрбірі өз денсаулығын сақтау шараларын ұмытпай, сақтық шараларына елеп жүрру маңызды. Сондықтан, елдің азаматтары мен Қазақстанға келген қонақтарды қолды үнемі жуып, ара қашықтықты сақтауға, бетперде киіп жүруге, мүмкіндік болса оқшаулау шараларын жалғастыруға шақырамын», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі  Кэролайн Кларинваль.

Мамыр айының соңында еліміздегі қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы жанданды. Қызмет көрсету барысында санитарлық талаптар барынша қатаң сақталуы қажет. Қонақтардың саны бойынша да белгіленген шектеулер бар. Мәселен, 100 шаршы метр аумақта 25 адамнан артық қабылдауға тыйым салынған. Бұл карантинге дейінгі уақытта қойылған талаптан екі есеге аз. Мейрамханалар мен дәмханаларға сағат 23:00 дейін ғана қызмет көрсетуге рұқсат етілген.

«Пышақ сынды асханалық жабдықтардың әрбірінің қолдану аясы бар. Бірі тек шикі етке, ал енді бірі дайын тамаққа ғана қолданылады. Әр ауысымнан кейін дезинфекция жасалады. Медициналық маскасыз келген адамдарға бетперде тегін таратылады. Дәмхананың кіреберісі мен санитарлық тораптарда санитайзерлер орнатылған. Қызметкерлер мен меймандардың денсаулығын сақтау шараларына үлкен мән беріліп, барлық санитарлық талаптарды ескеруге тырысамыз», дейді елордалық дәмхана басшысы Сергей Тен.

Төтенше жағдай алынғанымен, кейбір карантиндік шаралар әлі де сақталып келеді. Әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жегілікті билік өкілдері оларға қатысты сәйкес шешім шығара адады. Қалыпты өмір сүру деңгейіне тезірек оралу халықтың өзіне тікелей қатысты. Сондықтан әр адам осыны қаперіне алып, өзі мен қоғам денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: vlast.kz