Мемлекет басшысы қазақстандықтарды коронавирустан қорғану жолдарын ұстануға шақырды

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды коронавирустан қорғану жолдарын ұстануға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын мәлім етті. Бұл туралы Президент Twitter-де жазды.

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», - деп жазды Қазақстан Президенті.

 

Фото: kp.kz