Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 500-ден асты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 500-ден асты

Өткен тәулікте Қазақстанның үш облысында, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы елімізде өткен 24 сағат ішінде 263 адамнан коронавирус анықталды. Өсім 2,3% құрады. Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 11571 адам.

Ел аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Алматы қаласы – 2676(+29)

Нұр-Сұлтан қаласы – 2266(+59)

Атырау облысы – 1119(+14)

Қарағанды облысы – 956(+24)

Шымкент қаласы – 885(+18)

Батыс Қазақстан облысы – 692(+27)

Қызылорда облысы – 418(+16)

Жамбыл облысы – 393(+13)

Түркістан облысы – 384(+5)

Алматы облысы – 376(+15)

Ақтөбе облысы – 349(+6)

Маңғыстау облысы – 291(+19)

Павлодар облысы – 217(+11)

Қостанай облысы – 182

Ақмола облысы – 166

Шығыс Қазақстан облысы – 142(+7)

Солтүстік Қазақстан облысы – 59

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 5587 азамат инфекциядан толықтай айығып шықты, 41 адам қайтыс болды.

 

Фото: kp.kz