COVID-19: әлемде індетті жұқтырғандардың саны 6 миллионнан асты

COVID-19: әлемде індетті жұқтырғандардың саны 6 миллионнан асты

Дүниежүзінде бір тәулікте 106 мың COVID-19 дерегі расталды. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, бүгінде  әлемнің 188 елінде коронавирус індеті 6 миллион 181 мыңнан астам адамда анықталды. Сонымен қатар пандемия басталғалы 372 мыңнан астам науқас вирус құрбаны атанды. Шамамен 3 миллионы COVID-19 инфекциясын жеңіп шықты.

Әлем бойынша вирусты жұқтыру және өлім-жітім фактісі бойынша Америка Құрама Штаттары әлі де көшбастап тұр.  Бүгінгі таңда мұнда 1 млн 800 мыңға жуық адам індетті жұқтырған. Сарапшылар инфекцияға шалдығу саны әлі де арта түседі деп отыр.  Себебі елде жаппай наразылық акциялары өтуде. Алайда, Америка Құрама Штаттары бұл қайғылы рейтингте бірінші орында тұрса да, олар инфекцияның таралу қарқыны бойынша кейбір штаттардан төмен. Мысалы, тек Бразилия үшінші күн қатарынан вирусты жұқтыру бойынша тізім басында тұр. Мұнда соңғы 24 сағат ішінде 33 мыңнан астам науқас анықталған. Жалпы  елде COVID-19 диагнозы жарты млн халықта расталып отыр. Қазір Бразилия ауруға шалдыққандар саны бойынша тізімнің екінші сатысында тұр.

Сонымен қатар соңғы кезде Үндістанда да аурудың белең алуы байқалады. Соңғы бір тәулікте мұнда 8 мыңнан аса COVID-19 дерегі анықталған. Осыған қарамастан Үндістанның Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындардың кезең-кезеңімен ашылуын енгізіп, түнде коменданттарды азайтуда. Айта кету керек, жаңа жағдайлардың өсу динамикасы Латын Америкасы елдерінде Чили, Перу және Мексикада байқалады.

РФ коронавирусқа қарсы препаратты мақұлдады

Коронавирус жұқтыру дерегі бойынша әлемде үшінші орында тұрған Ресей қатерлі індетке қарсы жаңа препаратты мақұлдады. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, COVID-19 қарсы алғашқы дәрінің клиникалық зерттеулері сәтті өткен. Олардың мәлімдеуінше, сынамалар өз тиімділігін дәлелдеген. Батыс ғалымдары болса, бұл дәріні қатерлі індеттен емдеуге қоспас бұрын жақсылап сараптау керектігін алға тартып отыр. «The Wall Street Journal» басылымының жарияланған материалында препараттың аты «Фавипиравир» деп көрсетілген. Алғашында тұмауға қарсы қолданатын дәрі ретінде ойлап табылыпты. Еске салайық, қазіргі уақытта РФ қауіпті дерт анықталған адамдар саны 415 мыңға жеткен.

Әлем бойынша тіркелген адамдар саны бойынша көшбасшы елдер әлі өзгере қойған жоқ. Төртінші сатыда Ұлыбритания келеді. Онда 276 156 адам осы қатерлі дертке шалдыққан. Кейінгі орында 240 мыңға тарта жағдай тіркелген Испания. Бұдан соң Италия, Үндістан, Франция, Германия мемлекеттері тұр. Қатерлі 10 ел тізімін Түркия тұйықтап отыр. Онда 164 мың адамда инфекция анықталған.

 

Фото: dw.com